“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРИУ ШОҚАН УАЛИХАНОВТЫҢ 185 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ» СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 27.10.2020, 16:21:07, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Жарқыраған жұлдыз сияқты,

ол жарық ете түсті, шығыстану

саласы бойынша, қазақ хандары ұрпағы

және сол уақытта орыс армиясының

офицері, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов»

Н.И. Веселовский

 

Биыл біз 19 ғасырдағы Орта Азия тарихындағы жарқын тұлғалардың бірі, Орта Азияны зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалым-этнограф, зерттеуші, саяхатшы, ағартушы, филолог Шоқан Уалихановтың 185 жылдығын атап өтеміз.

Шоқан Уәлиханов отыз жыл өмір сүрмесе де, тарихта, географияда және түркітануда шынымен орасан зор із қалдырды.

2020 жылдың 27 қазанында Қарағанды индустриялық университетінде заманауи ғылымның негізін салған көрнекті қазақ ғалымы және ағартушысы Шоқан Уалихановтың туғанына 185 жыл толуын атап өту аясында Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығымен бірге Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті «Жарқыраған жұлдыз» атты семинар онлайн форматында өткізілді, барлық ақпарат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды.

Іс-шара ғалым Шоқан Уалихановтың жеке тұлғасы мен шығармашылық мұрасына арналған фильмді көрсетуден басталды.

Семинар барысында қатысушылар үш топқа бөлінді. Біріншісі «Шоқан Уалиханов – филолог-фольклорист» тақырыбында презентация материалын дайындады. Екінші топ «Шоқан Уалиханов – саяхатшы-географ» тақырыбында презентация материалын дайындады. Үшіншісі, «Шоқан Уалиханов – этнограф-шығыстанушы» тақырыбында презентация материалын дайындады.

Оқушылар Амина Ибраева, Адина Ибраева, Жайлыгүл Сәрсенова, Жарылқасын Бағдат, Анастасия Епанешникова, Мади Сагади, Багдаулет Мамаев қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өте қызықты материалдар дайындады. Шоқан Уалихановқа арналған өлеңдерді Дархан Әлімхан, Ақбота Ақарыс және Нұржас Жеңісбек оқыды.

Семинар соңында қатысушылар 3 тілде викторинаға қатысып, оның сұрақтарына оңай жауап берді.

Мұндай іс-шаралар тарихымызды тереңірек білуге, Шоқан Уалиханов сияқты ұлы тұлғаның тағы бір қырынан тануға мүмкіндік береді.

 

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 713
27.10.2020, 16:21:07, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар