“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «БІРІНШІ КУРС – 2020» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

[Дата публикации: 26.10.2020, 15:49:57, жариялауды: Әкімшілік]

 

Дәстүр бойынша қазан айының басында (10-15 қазан) Қарағанды индустриялық университетінің спорт ғимаратында қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасымыздың серіктесі,  Сатыбалды Ибрагимовты еске алуға арналған «Бірінші курс студенті – 2020» спартакиадасы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің денешынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, әр түрлі спорт түрлерінен университет командаларын қалыптастыру, сонымен қатар студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Бір апта ішінде университеттің спорт алаңдарында университет факультеттерінің үш командасы («Металлургия және машинажасау», «Экономика және құрылыс», «Энергетика, көлік және басқару жүйелері») мен ҚарИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледж студенттері арасында белсенді күрес болды. Биыл жарыстар баскетбол және волейболдан өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

Волейбол – 12, 13 қазан.

Қыздар

1 орын – МжМФ,

2 орын – ЭКжБЖФ,

3 орын – ЭжҚФ

Жігіттер

1 орын – ЭКжБЖФ,

2 орын – ТЭК,

3 орын – МжМФ

ӨАҚ-20 тобының студенті Андрей Митрофанов үздік ойыншы деп танылды.

Баскетбол – 15 қазан.

1 орын – ЭКжБЖФ

2 орын – МжМФ

3 орын – ЭжҚФ

ҚММ-20 тобыеың студенті Максуд Муродов үздік ойыншы деп танылды.

«Бірінші курс студенті – 2020» Спартакиадасы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, күрделі эпидемиологиялық жағдайларда өткізілгенін атап өткен жөн. Жанкүйерлері жоқ командалардың ойыншылары ғана болды, бірақ бәрібір ойындар қызықты ойын жағдайында өтті.


Просмотров: 565
26.10.2020, 15:49:57, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар