“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРИУ СТРУДЕНТТЕРІ «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӘРКІМНЕН БАСТАЛАДЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАРДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БОЛДЫ

[Дата публикации: 29.10.2020, 15:16:39, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың 28 – 29 қазанында Қарағанды индустриялық университетінің студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Нұр-Сұлтан қаласының кітапханасы ұйымдастырған «Болашаққа бастайтын жол әркімнен басталады» атты екі күндік онлайн-семинарға белсенді қатысты.

Іс-шараға «Саналы ұрпақ» студенттер клубының мүшелері, үздік студенттер, белсенділер, университетіміздің Студенттік Үкіметінің басшылығы қатысты.

Вебинар бағдарламасы өте қызықты болды. Іс-шараға қатысушылар белгілі тарихшылардың, Елбасы кітапханасының жетекші зерттеушілерінің дәрістерін тыңдады: «Тәуелсіздік дәуірі. Төртінші өнеркәсіптік революция» дәріскері, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Кеңесқызы Бердагулова, «Рухани жаңғыру – болашаққа жол. Ұлы даланың жеті қыры» дәріскері, PhD докторы Аслан Дыбысбекұлы Әзербаев. Біздің студенттер еліміздегі тарихи маңызды оқиғалар туралы жаңа, заманауи ақпарат алды. Студенттер тек дәрістер тыңдап қана қоймай, бір-бірімен және лекторлармен пікір алмасуға мүмкіндік алды. Тренинг барысында студенттер құнды білімдер мен дағдыларға ие болды, бұл олардың көшбасшылық қасиеттерін нығайтуға және дамытуға ықпал етеді.

«Болашаққа бастайтын жол әркімнен басталады» атты семинар-тренинг тағы бір мәрте біздің мемлекетіміз қандай бағытта жүретінін және бәріміз жүруіміз керек екенін көрсетті.

Шабыттанған студенттер университет басшылығына және Елбасы кітапханасына оқу семинарына қатысуға және оқуда жаңа жетістіктерге жетуге және өздерінің керемет жобаларына қажетті білім мен мотивация алуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

 

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 635
29.10.2020, 15:16:39, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар