“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ « КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

[Дата публикации: 23.10.2020, 21:56:11, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университеті «Күміс университет» пилоттық жобасын іске асырады. Жобаның мақсаты – егде жастағы адамдарды оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру келесі бағыттар бойынша:

Компьютерлік сауаттылық – оқу барысында және талқылауға арналған негізгі тақырыптар: операциялық жүйелер мен офистік люкс (Windows, Word, Excel, Power Point) меңгеру; іздеу және ақпараттық жүйелердегі бағдар; әлеуметтік желілерде жұмыс істеу; кітапханалардағы, музыкалық кітапханалардағы бағдар.

Қаржылық сауаттылық – оқу барысында талқылауға арналған негізгі тақырыптар: ақша және қаржы; қаржы институттары және қаржы құралдары.

Кәсіпкерлік мектебі – міндетті түрде пайда табуға бағытталмаған кәсіпкерлік идеяны жүзеге асыру үшін өз ісін ашқысы келетін немесе серіктес тапқысы келетіндерге арналған (мысалы, әлеуметтік кәсіпкерлік).

Шахмат клубы – біздің жаттықтырушылар сізге шахмат ойнауды үйретеді, сонымен қатар сізге уақытыңызды  қызықты өткізуге көмектеседі.

Анықтама телефоны: 87012547737


Просмотров: 496
23.10.2020, 21:56:11, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар