“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК КУРСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

[Дата публикации: 21.10.2020, 14:28:09, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университетінде таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша білім алудың ажырамас бөлігі практикалық дағдыларды алу болып табылады. «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы» («Автоматтандыру және басқару») және «Электр энергетикасы» («Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету») білім беру бағдарламаларының студенттері үшін «Жасанды интеллект технологиялары» және «Электр энергетикасы» кафедраларымен практикалық шеберлік курстары ұйымдастырылды, оны өндірісте жұмыс өтілі бар тәжірибелі оқу шебері Владимир Дмитриевич Петров жүргізеді.

Бұл курстарда студенттер дәнекерлеу технологиясын, электр тізбектерін құрастыруды, оқу сабақтары кезінде алған теориялық білімдерін практикада бекітуді және болашақта мамандық бойынша жұмыс істеу кезінде қажет болатын дағдыларды меңгереді.


Просмотров: 765
21.10.2020, 14:28:09, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар