“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРДЕ ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

[Дата публикации: 25.09.2020, 17:25:55, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды индустриялық университетінің студенттері қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған облыстық пікірсайыс турниріне белсене қатысты. Турнир онлайн режимінде өтті. Турнирдің ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының Тілдер басқармасы. Біздің университеттің атынан КарИУ «Абадан» пікірсайыс клубының үздік спикерлері Бедеров Алихан (МҚӨТ-17қ тобы) және Тәжіков Қонысбек (Қ-17қ тобы) қатысты.

Пікірсайыс турнирі рухани-адамгершілікті дамытуға, білімнің сабақтастығына және студент жастардың жаңа буынын патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған. Өйткені, ұлы Абайдың философиясы мен даналығы – бұл қазақ халқының философиясы. Ақынның рухани мұрасы жыл сайын бүгінгі күннің өзекті мәселелері бойынша терең ой толғауларында жаңа қырлармен ашылады.

Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Қарағанды экономикалық университеті;

2 орын – Қарағанды индустриялық университеті;

3 орын – академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті.

 

Пікірсайысшыларымызды жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз!


Просмотров: 470
25.09.2020, 17:25:55, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар