“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ONLINE ФОРМАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 03.07.2020, 17:26:30, жариялауды: Әкімшілік]

 

3 шілдеде Zoom алаңында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің басшылығымен халықаралық онлайн-дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Магниткасының 60 жылдығына, Теміртау қаласының 75 жылдығына арналған іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Ресейден, Украинадан және Қазақстанның әр түкпірінен өкіолер қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығын облыс әкімі Жеңіс Махмудұлы Қасымбек қарсы алды: «Бүгін біз бірнеше керемет себептермен жиналдық. Елорда күні қарсаңында біз сондай-ақ Қазақстан Магниткасы – Теміртау металлургия зауытының 60 жылдығын және Теміртау қаласының құрылғанының 75 жылдығын атап өтеміз. Бұл даталардың әрқайсысы еліміздің тарихында үлкен мәнге ие. Олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты », – деді ол өз сөзінде.

Қарағанды облысы – бұл Тұңғыш Президентіміздің еңбек және саяси Отаны. Дәл осы жерде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кәсіби мансабын бастады. Оның өзі айтқандай, Теміртау оның негізгі университетіне айналды. Осыдан тура 60 жыл бұрын алғашқы қазақстандық шойын алынды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың арасында осы оқиғаның куәгерлері де болды. Өз сөздерінде Елбасының серіктестері Төлеутай Скақұлы Сүлейменов, Қабидолла Зұлқашұлы Сарекенов Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге оқыған және еңбек еткен жылдар туралы естеліктерімен бөлісті. Олар оның ұйымдастырушы ретіндегі шексіз талантын, зеректілігін, өршілдігін, әділеттілігін атап өтті.

Олег Николаевич Сосковец – КМК жанындағы ЖТОО түлегі, зауыттың бұрынғы бас директоры, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының вице-премьері, ал қазір Ресей Федерациясының Қаржылық және өнеркәсіптік топтар қауымдастығының президенті, Ресей өндірушілер одағының президенті Теміртауда жұмыс жасаған жылдарын жылы лебізімен еске алды. Каменск қаласындағы Каменск жоғары кәсіптік мектебінің директоры (Днепродзержинск, Украина) Неклес Вадим Викторович Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Днепродзержинскіде оқыған жылдары туралы айтып, Елбасы өзінің құрдастарының арасында білімге деген құштарлығымен ерекшеленетінін, өте жақсы оқығаны үшін шәкіртақы алғанын атап өтті.

ҚИУ ректоры Бахыт Ахатұлы Жәутіков ЖТОО Елбасының оқыған жылдары туралы былай деді: «Біз біздің Елбасымыздың сөздерін жоғары бағалаймыз: 1967 жылғы түлектердің 50 жылдығына арналған ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына  жолдаған үндеуінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мен ерекше мақтаныш сезімімен әрқашан есімде, ЖТОО деп  аталатын осы университетті бітірген соң, басқа түлектер арасында менде өндіріске жолдама алдым», – деді ол өз сөзінде. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы бітірген университетте білім алып жатқандықтары біздің университет студенттері үшін үлкен мақтаныш.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ өндірістік директоры Вадим Борисович Басин іс-шараның барлық қатысушыларын құттықтап, Қазақстан темірінің 60 жылдығына арналған мерейтойлық болат қорту туралы айтты. 1960 жылдың 3 шілдесінде Қарағанды металлургия зауытында домна пеші алғашқы металды шығарды – бұл Бүкілодақтық оқиға болды.

Дөңгелек үстел соңында Жеңіс Махмудұлы Қасымбек барлық қатысушыларды Елорданың келе жатқан туған күнімен құттықтап, барлығына зор денсаулық тіледі.

 

ҚИУ баспасөз қызметі

Презентацию можно скачать тут


Просмотров: 575
03.07.2020, 17:26:30, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар