“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

[Дата публикации: 03.07.2020, 17:33:57, жариялауды: Әкімшілік]

 

Сіздерді астана  күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – ел тәуелсіздігінің айғағы, жас мемлекетіміздің тұрақтылығы мен экономикалық дамуының символы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы да парасатты саясатының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде астанамыз Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразиялық кеңістіктің саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айналды.

Бүгін Астана әлемдік саяси көшбасшылардың, серіктестер мен инвес­торлардың, түрлі конфессиялар мен діндер, мәдениет пен өнер өкілдерінің кездесетін орны болып табылады. Ол – әлемдік құрылыстың жаңа идеяларына негізделген ең батыл сәулет жобаларының іске асатын шаһары. Сондықтан да барша қазақстандықтар өз армандарын, үміті мен болашағын елордамен байланыстырады.

Осындай мерейлі шақта еліміздің қарқынды дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген Сізге мықты денсаулық, баянды ғұмыр, отбасыңызға бақыт, береке тілейміз.

Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы дамып, гүлдене берсін!

 

Б. Жаутиков

Қарағанды мемлекеттік индустриялық

университетінің ректоры


Просмотров: 585
03.07.2020, 17:33:57, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар