ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВ МЕТАЛЛУРГЕР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
[Дата публикации: 19.07.2020, 15:46:02, жариялауды: Әкімшілік]
«Мен өзім домна пештерінде жұмыс жасауды үйрендім және тәжірибе жинақтадым. Мен ынтымақтастықтың, өзара көмек пен шынайы достықтың бағасын білдім. Металлургия өнеркәсібі – бұл мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар жұмыс істейтін Қазақстан индустриясының флагманының бірі. Олардың еңбекқорлығы мен жоғары шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негіздерінің бірі болып табылады.
Сіздер Қазақстанның игілігі жолындағы жұмысыңызда жаңа кәсіби биіктерге жете беретіндеріңізге сенімдімін.
Сізге мықты денсаулық, сәттілік пен өркендеу тілеймін », – деді Елбасы металлургтерге.
Қазақстанда металлургтер күні шілде айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі.
Просмотров: 744