“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША БІЛІМДІК БАҒДАРЛАМАЛАР РЕЙТИНГСІНДЕ АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

[Дата публикации: 09.06.2020, 12:24:15, жариялауды: Әкімшілік]

 

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі – Рейтинг (IQAA-Ranking) білім беру бағдарламалары бойынша рейтинг нәтижелерін ұсынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық Сенім Ұлттық Кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы үшінші отырысында сөз сөйлеп, университеттер арасындағы бәсекелестікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті дамыту құралдарының бірі – Қазақстанда да, шетелде де танымал болған жоғары оқу орындары мен олардың білім беру бағдарламалары бойынша рейтинг жүргізу.

Осы жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша 800 астам білім беру бағдарламалары туралы мәліметтерді ұсынды.

Бұл жылғы зертетулер алдыңғы зерттеулерден ерекшеленеді, мұнда көп өлшемді рейтинг он түрлі ішкі бағалауларданы: 6 индикатордан (1-көрсеткіш – студенттер санының әртүрлілігі; 2-көрсеткіш – студенттердің оқу нәтижелері; 3-көрсеткіш – профессор-оқытушылар құрамы; 4-көрсеткіш – ғылыми инновациялық зерттеу жұмысы; 5-көрсеткіш – халықаралық ынтымақтастық; 6-индикатор – ақпараттық қолдау), 7-қосымша – түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері.

Осы жылы сарапшылар мен жұмыс берушілердің беделін бағалаудан басқа, қосымша индикаторлар енгізілген, бұл университетте оқып жатқан студенттердің бағасы және түлектердің бағалауы, сондықтан зерттеуге үш жаңа параметр қосылды.

Электрондық пошта арқылы сауалнама жүргізу арқылы сарапшыларға, жұмыс берушілерге, студенттер мен түлектерге сауалнама жүргізілді, 500 астам жұмыс берушілерден, 3000 студенттер мен 2000 түлектерден жауаптар алынды.

Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейі жұмыс берушілердің өкілдерімен (ұлттық компаниялар, ірі, орта және шағын бизнес, қауымдастықтар), сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен сұхбат жүргізу арқылы жүзеге асырылды.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті бакалавриат бағдарламалары бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінде келесі орындарды алды:

6B072 Металлургия – 1 орын

6B072 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы – 1 орын

6B071 Машинажасау – 1 орын

6B071 Автоматтандыру және басқару – 2 орын

6B071 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) – 2 орын

6B071 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы – 2 орын

6B073 Құрылыс – 2 орын

6B071 Электрэнергетикасы – 3 орын

Магистратураның білім беру бағдарламаларының рейтингі:

7M071 Машинажасау – 1 орын

7M071 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы – 2 орын

7M072 Металлургия – 2 орын

7M071 Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білімдік бағдарлама осы жылы осы жылы 5 орынға ие болып, екі сатыға жоғарылады.


Просмотров: 929
09.06.2020, 12:24:15, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар