“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ҰЛЫ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ АБАЙ КҰНАНБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «”ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ – АБАЙ”» АТТЫ ОНЛАЙН-БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 06.05.2020, 12:18:49, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың 1 мамырында, Қазақстан халқының Бірлігі күні, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлыларың ұлысы-Абай» атты онлайн-байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

– Абай Құнанбаев шығармашылығын насихаттау;

– ұлы ақынның шығармалары арқылы студенттерге рухани, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру;

– дарынды студенттерді қолдау және олардың шығармашылығын дамытуға көмек көрсету.

Байқау шартына сәйкес Абай Құнанбаевтың шығармаларымен бейнебаян ұсыну керек болды.

Онлайн байқауға біздің университеттің 9 студенті қатысты:

1 қатысушы – Әлімхан Дархан Саттарұлы, 2 курс студенті, ««Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да” атты бейнебаянымен

2 қатысушы – Әбдуәли Рамазан – 1 курс, «Оншы қара сөз» бейнебаянымен

3 қатысушы – Сабырбаева Әсел -1курс, «Қалқам-ай мен үндемей жүрем көп», «Он тоұызыншы қара сөз».

4 қатысушы – Нурмаханова Жадыра – 2 курс, “Өлсе өлер табиғат ” бейнебаянымен

5 қатысушы – Амандылы Серік – 1 курс, «Кеше бала ең» бейнебаяны.

6 қатысушы – Нурмукашева Дана – 1 курс, “Есіңде бар ма жас күнің?”бейнебаяны

7 қатысушы – «АжБ»-17 тобының студенттері.

8 қатысушы – Омар Райымбек Асылұлы – 1 курс, «Жасымда ғалам бар деп ескертедім» бейнебаяны.

9 қатысушы – Ақбота Ағарыс – 2 курс, «Ескендір» өлеңдеріне арналған бейнербаян.

Жарыс инстаграм әлеуметтік желісінде @studenttik_parlamentt  ҚМИУ өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы студенттік кәсіподақ комитеті, жастар ісі жөніндегі комитет.

Байқау 100% әділ болуы үшін, әркім өз дауыстарын сүйікті бейнебаянына берді, бірақ «Бір адам бір рет қана дауыс береді» қағидасы орындалды. Әр қатысушыға сериялық нөмір берілді. Сондай-ақ, олардың пікірін әділқазылар алқасының мүшелері білдірді: М.Салпенова – ТЖжЖС  департаментінің директоры, А.Р. Карипбаева – ҚМИУ кәсіподақ комитетінің төрайымы, Ж.К. Капашева – «Парасаттылық» мектебінің деканы Н.Нурмаханов – ЖІК төрағасы, Ерхан Зулхайдар – ҚМИУ бас сардары.

Қазылар алқасы өз шешімін қабылдауда келесі өлшемдерді басшылыққа алды:

– жұмыстарды орындау мәнерлілігі;

– актерлік шеберлік;

– шығармашылық қабілеті;

– бейнебаян сапасы.

Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орынды МжЖМТ-18 тобының студенті Ағарыс Ақбота;

2-орынды М-18қ тобының студенті Дархан Әлімхан;

3 орын Нурмаханова Жадыра -Қ-18сқ  тобының студенті иеленді.

Көрермендердің көзайымы сыйлығын студенттер Сабырбаева Әсел және Әбдуәли Рамазанның бейнебаяны иеленді.

Жарыс жеңімпаздары ҚМИУ студенттерінің кәсіподақ комитетінің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға шығармашылық көзқарасы мен белсенділігі үшін алғыс білдіреді.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 791
06.05.2020, 12:18:49, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар