“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

УНИВЕРСИТЕТ ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖДІҢ ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕРІ!

[Дата публикации: 22.05.2020, 15:02:39, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Білім-Өркениеті» Ұлттық Инновациялық Зерттеу Орталығы және «Үздік Студенттер Академиясы» еліміздің талантты жастарына қолдау көрсету мақсатында басталған «Дарынды жастар» республикалық жобасы аясында шыққан «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» жинағының алғашқы шығарылымына ғылым, өнер және спорт салалары бойынша құжаттар қабылдап жатыр.

Жинаққа «Алтын белгі» иегерлері, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінің үздік студенттері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың және спектакльдердің жеңімпаздары кіреді; қоғамдық жастар қозғалысының жетекшілері мен белсенділері; Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Жинаққа ену конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жобаға қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» сертификаттарымен марапатталады.

Байқаудың шарттары мен өтінімдерін тіркеу туралы толығырақ біздің университеттің сайтында: https://old.tttu.edu.kz/  білуге болады.

Положение о конкурсе

 


Просмотров: 835
22.05.2020, 15:02:39, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар