ҚМИУ-да Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн-викторина өтті
[Дата публикации: 22.04.2020, 16:20:45, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті «Жастар, ғылым және техника: жетілдіру жолдары мен интеграция» тақырыбындағы онлайн конференция асында және ғылым күні апталығына орай «Абайдың сыр сандығы» деп аталатын зияткерлік ойын өткізді.
Аталған іс-шара Хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында Ұлы ақынның асыл мұрасын оқытушылар, жастар мен жас ғалымдар арасында рухани жаңғыру факторы ретінде насихаттау үшін жасалған игі істердің бірі болды.
Ойын сұрақтары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілді және әр сұраққа 30 секунд уақыт белгіленді. Ойын нәтижесі quizizz.com бағдарламасымен автоматты түрде бағаланды. Викторина шартының бұзылмауын қадағалауды және жеңімпаздарды анықтауды осы ойынды әзірлеген және ұйымдастыруға мұрындық болған Қазақ, орыс және шетел тілдерінің кафедрасының оқытушылары жүзеге асырды. Онлайн-викторинаға тек біздің университет қана емес, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті, Павлодар мемлекеттік педагогика универсиеті, Қазақ аграрлық ұлттық университеті (Алматы), Павлодар мемлекеттік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлектеттік университеті, Семейдегі Шәкәрім университеті, Алматы қаласындағы Тұран университетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері және Теміртау қаласының орта мектеп оқушылары, барлығы 158 ойыншы қатысты. Ойын нәтижесі бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды:
І ОРЫН (100٪ нәтижемен):
1) Назерке Абдирах – ҚМИУ ТФП-19к тобының студенті
2) Айнара Әділбек – Теміртау қаласының №9 орта мектебінің сынып оқушысы
ІІ ОРЫН (97٪ нәтижемен):
1) Иниятова Айдана Ерболатовна – оқытушы ҚазҰПУ, Алматы
2) Аружан Ниязбек – ҚМИУ ТФП -19к-2 тобының студенті
3) Силаева Ольга Викторовна – «Экономика және құрылыс» факультетінің деканы
ІІІ ОРЫН (93٪ нәтижемен):
1) Дина Ермекбай – ҚМИУ ТФП-19к-3 тобының студенті
2) Алексей Дергулов – ҚМИУ студенті
3) Мерей Сағат – ҚМИУ ТФП-19к-3 тобының студенті
PS. https://quizizz.com сайтына тіркеліп, 576880 кодын теріп, Абай туралы деректерге қаншалықты қанық екендігіңізді және қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу деңгейіңізді тексеріп көруге болады. Іске сәт!
Просмотров: 605