“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ОНЛАЙН ФОРМАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 17.04.2020, 22:39:35, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылғы 17 сәуірдегі ғылыми аптаның аясында университетте өнеркәсіптік қалдықтардан жол-құрылыс материалдарын алудың технологиялық желісін әзірлеуді талқылауға арналған онлайн форматтағы ғылыми вебинар өтті. Ұйымдастырушы «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы болды.

Осы тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы туралы вебинарда «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының аға оқытушысы Вячеслав Александрович Кунаев баяндама жасады.

Зерттеу жұмысының мақсаты – өнеркәсіптік қалдықтардан жол-құрылыс материалдарын алуға арналған технологиялық желінің параметрлерін негіздеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

– өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу әдістеріне әдебиет және патенттік талдау;

– өндірістік қалдықтар негізінде блок-құрылыс материалдары мен жол-құрылыс қиыршық тастарын өндіру бойынша тәжірибелік зерттеулер жүргізу;

– домна пешінің шлагынан жол-құрылыс қиыршықтасының физика-механикалық сипаттамаларын жоғарылатудың оңтайлы жолын анықтау;

– домна пешінің шлагынан қиыршық тасты өңдеуге арналған технологиялық желіні негіздеу;

– жол-құрылыс қиыршықтарын домна пешінің қожынан байытудың ауыр және орташа сепаратордағы физикалық және механикалық сипаттамаларына әсерін эксперименталды зерттеу (беріктік, аязға төзімділік, су сіңіру);

– шлакты қиыршық тасты кешенді өңдеудің, оның ішінде қиыршық тастың беріктігі бойынша сұрыпталуын және судың сіңдірілуін, материалдың су сіңуіне әсер ету заңдылықтарын белгілеу;

– шлакты қиыршық тасты түйіршіктің беріктігі бойынша сұрыптаудың технологиялық процесінің оңтайлы параметрлерін анықтау;

– шлакты қиыршық тасты өңдеуге арналған механикаландыру құралдары кешенінің құрамын негіздеу.

Есепті талқылауға Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері, сонымен қатар басқа да қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты, оның ішінде:

Гельманова Зоя Салиховна – э.ғ.к., ҚМИУ «Менеджмент және бизнес» кафедрасының профессоры;

Ноғаев Қайрош Әбілұлы – т.ғ.к. Басшы ҚМИУ «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі;

Жабалова  Гульнара Газизовна – техника ғылымдарының кандидаты, «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің деканы;

Салина Валентина Алексеевна – м.ғ.д., Ресей ғылым академиясының Орал филиалы, Металлургия институты, аға ғылыми қызметкер (Ресей Федерациясы, Екатеринбург);

Жанакова Раиса Кулмаханқызы – Л.Б. Гончаров атын. ҚазАЖИ «Көлік техникасы және тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы;

Исабекова Гульнар Джумадуллаевна – ҚМИУ «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының аға оқытушысы.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 712
17.04.2020, 22:39:35, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар