ҚМИУСТУДЕНТТЕРІ 5В070200 «АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ПӘНДІК ОЛИМПИАДАҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
[Дата публикации: 25.04.2020, 19:22:43, жариялауды: Әкімшілік]
2010 жылдың 23-24 сәуірінде 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы, білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңі қашықтықтан оқыту форматтында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және байланыс университетінде өтткізілді.
Республикалық пәндік олимпиада келесі пәндер бойынша өтті:
1) Электртехниканың теориялық негіздері;
2) Сызықтық автоматты басқару жүйелері;
3) Сызықты емес автоматты басқару жүйелері.
Олимпиадаға «Энергетика, автоматика және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Екатерина Владимирович Спичактың жетекшілігімен «АжБ» мамандығының үздік студенттері қатысты: Джунибай Сонгхат, Орынбасар Исбасар және Шишук Владимир.
Сонымен қатар Республикалық пәндік олимпиадаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Тараз, Түркістан және Орал университеттерінің 13 командасы қатысты. Жеке сайыстағы нәтижелер бойынша 1-орынды Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенті, 2-орынды С.Торайғыров атындағы ПМУ және Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері, 3-орынды Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және КМИУ өзара бөлісті. Командалық есепте: 1 орын – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ командасы, 2 орын – Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ және С.Торайғыров атындағы ПМУ командалары, 3 орын – Дулати атындағы ТарМУ, ҚМИУ және Өтебаев атындағы Атырау МГУ өзара бөлісті.
Олимпиада нәтижелері бойынша жеке жарыста ҚМИУ студенті Владимир Сергеевич Шишук Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында үшінші орынға ие болды.
Барлық қатысушыларға Республикалық пәндік олимпиадаға сәтті қатысқаны үшін Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сәуле Саветқызы Сағынтаева Алғыс хаттар табысталды.
Студенттерімізге одан әрі жарқын жеңістер, жаңа мен шығармашылық табыстар тілейміз!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 967