“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ» кафедрасының оқытушысы ЮЛИЯ ДАРМЕНОВАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

[Дата публикации: 25.04.2020, 13:49:23, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушысы Юлия Дарменованы зерттеу саласындағы даму бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне арналған диссертациясын қорғаумен құттықтаймыз.

Юлия Дарменова Ұлыбританияның Кембридж университетінде оқыды. Ол экономика және менеджмент» бакалавры,  менеджмент магистрі.

Оның зерттеу және ғылыми қызығушылықтары: Қазақстандағы шағын және орта бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі, Қазақстандағы әлеуметтік жауапкершілік эволюциясының тарихи контексті, Қазақстандағы шағын және орта бизнес контексіндегі бизнес-орта мен бизнес мәдениетін өзгерту. Академиялық мансабын бастамас бұрын, Юлия Дарменова он төрт жыл бойы корпоративті сектордың кәсіпорындарында, коммерциялық қызметке қатысты (түрлі қызметтер, сатулар, маркетинг, тұтынушылармен қарым-қатынас, кәсіпорынның қаржылық қызметі, бизнесті тұрақты дамыту және басқару салаларында  жұмыс істеді.

Сізге одан әрі шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен табыстар тілейміз !!!


Просмотров: 919
25.04.2020, 13:49:23, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар