“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Жастар, ғылым және техника: интеграция және жетілдіру тәсілдері» онлайн форматындағы ғылыми конференция

[Дата публикации: 17.04.2020, 13:36:56, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде онлайн тәртібінде Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған «Жастар, ғылым және техника: интеграция және жетілдіру тәсілдері» атты ғылыми конференция өткізілді. Онлайн-конференция Қазақ инфокоммуникациялар академиясының техникалық қолдауымен «Cisco WebEx Meetings» алаңында өтті.

Конференцияның мақсаты – металлургия, экономика, құрылыс, машинажасау, технология және білім беру мәселелері бойынша зерттеулердің ғылыми нәтижелерін, сондай-ақ оларды ғылым мен практикада қолдану бойынша практикалық ұсыныстарды талқылау.

Конференция үш секция бойынша өткізілді:

  1. «Инженерлік»
  2. «Цифрландыру және жасанды интеллект технологиясы»
  3. «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар».

Конференцияға мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар және университеттің жас ғалымдары қатысты.

Біздің университетімізде коронавирустық пандемияға байланысты конференция онлайн-трансляция түрінде өткізілді. Іс-шараның тікелей трансляциясы барлығына қолжетімді болды.

Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарынан 250 астам адам қатысты, атап айтсақ: Астрахань мемлекеттік техникалық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,  Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты және басқалар.

Таратылымды ҚМИУ сайтында да, Facebook әлеуметтік желісінде де көруге болады.

Конференцияның қорытындысы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы біртұтас білім беру және ғылыми кеңістікті одан әрі тереңдету, сондай-ақ халықаралық деңгейде бірлескен ғылыми және білім беру қызметін дамыту туралы қарар қабылданды.



Просмотров: 512
17.04.2020, 13:36:56, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар