“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің құрметті студенттері, оқытушылары және қызметкерлері!

[Дата публикации: 14.03.2020, 10:46:43, жариялауды: Әкімшілік]

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес коронавирустың ғаламдық пандемиясына байланысты студенттердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту технологияларын қолданумен оқытуға көшеді.

Университет оқытушылары Platonus автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы студенттерге әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетіп, мультимедиялық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қымбатты студенттер, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану Сізден, емтихан сессиясын сәтті аяқтау үшін қажет оқу пәндерінің барлық тапсырмаларын саналы түрде орындауды талап етеді.

Қажет болған жағдайда туындаған мәселелерді түсіндіру үшін 8 (7213) 91-68-95 телефоны арқылы эдвайзермен, факультет декандарымен, кеңсе-тіркеушілерімен байланыса аласыз.


Просмотров: 585
14.03.2020, 10:46:43, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар