“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ОБЛЫСТЫҚ «GIPPOKRAT CUP-1» САЙЫСЫНДА ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

[Дата публикации: 03.03.2020, 10:31:55, жариялауды: Әкімшілік]

  Балқаш медицина колледжінің алаңында 2020 жылдың 29 ақпан жәнен 1 наурыз аралығында өткен студенттер арасында Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы және Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған облыстық «GIPPOKRAT CUP-1» аймақтық пікірсайыс туриниріне Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Абадан» пікірталас клубының мүшелері: Өміржола Рахымжан (М-16қ тобы), Алихана Бедеров (МҚӨТ-17қ), Мейрей Сағат (ФӨТ-19 – 3қ тобы), Лауры Сейдахмет (ФӨТ-19 – 3 тобы) және Айлес Айымжана- (ФӨТ-19-2қ тобы) белсенді қатысты.

Турнирдің негізгі міндеттері: пікірсайыс қозғалысын дамыту; студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру; патриотизмді ояту, мәдени даму және рухани құндылықтарды нығайту.

Турнирді Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен жиналған 25 лиганың ең мықты дебатерлері көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – ҚМИУ «Абадан» пікірсайыс тобы;

2 орын – Шымкент қаласының дебат тобы;

3 орын – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ дебат тобы.

Пікірсайыс өте жоғары деңгейде өтті.

Жеңімпаздар мен үздік спикерлер дипломдар және кубокпен марапатталды, турнирге қатысушылар студенттерді дебат турниріне дайындағаны үшін жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің дебатшыларды жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 619
03.03.2020, 10:31:55, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар