“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ОН БІР СТУДЕНТІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМДІК ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

[Дата публикации: 18.03.2020, 10:53:34, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қазақстанда жыл сайын студенттерге мыңдаған білім гранты бөлінеді. Білім гранты тегін жоғары білім алу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар студенттерге ай сайынғы жәрдемақыны, яғни стипендияны төлеуді де қарастырады.

2019-2020 оқу жылының қысқы емтихан сессиясынан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ақылы негізде оқыған  он бір студенті мемлекеттік білімдік грант бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Мемлекеттік білімдік грант иелері: 5В071800 «Электрэнергия» мамандығы бойынша 2 курс студенті Еркебұлан Бегзатұлы Қалдыбаев,  5В073100 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша 3 курс студенті Алмат Байдуллаев,  5B071200 «Машинажасау» мамандығы бойынша 3курс студенті Аманбек Ерден Шакетай,  5В071800 «Электрэнергия» мамандығы бойынша 4 курс студенті Кирилл Владимирович Штро, 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы  бойынша 4 курс студенті Алексей Григорьевич Голышев, 6В07206 «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша  1 курс студенті Темирлан Игорьевич Телятников, 6В07206 «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша 1 курс студенті Қалымжан Амангелдіұлы Байбосынов,  5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы  бойынша 2 курс студенті Максим Станиславович Садовский, 5В071700 «Жылуэнергетикасы» мамандығы бойынша 2 курс студенті Арман Бакытұлы,  5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша 3 курс студенті Артем Денисович Николенко,  5B070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша  2 курс студенті Ерасыл Мадиярұлы Оспанов.

Студенттерімізді білім грантын иеленуімен құттықтаймыз және оқу үдерісінде одан әрі жоғары жетістіктер тілейміз!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 491
18.03.2020, 10:53:34, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар