“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Хабарландыру

[Дата публикации: 11.03.2020, 10:40:51, жариялауды: Әкімшілік]

  “Өнімді инновацияларды ынталандыру” жобасын іске асыру шеңберінде ҚР БҒМ «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы№8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және ДамуБанкі арасындағы Қарыз туралы келісім және 2019 жылғы 29 қарашадағы №33 Грант туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жарияланады.

Қызметтерді көрсетудің күтілетін мерзімі келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 9-10,5 айды құрайды және міндетті түрде тілдік емтиханға дайындық және кем дегенде IELTS 5.5-6.0 және TOEFL IBT 46-78 және одан жоғары (білім алушылардың кем дегенде 60%-ы) және IELTS 5.0 және TOEFL IBT 45 (қалған білім алушылар үшін) балдарымен тапсырумен, жалпыеуропалық тілдік біліктілік шкаласы бойынша elementary деңгейінен upper-intermediate деңгейіне дейін 3 деңгейді қамтиды.

Мүдделілік білдіру туралы ұсыныстар 2020 жыл 26 наурыз сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) электрондық мекенжайларға қабылданады: info@kgiu.kz, dni@kgiu.kz және міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет: tto@fpip.kz.

Хаттың тақырыбын көрсету қажет: ҚР БҒМ «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК ТКК/ТТК ғалымдары және қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу”

Хатта компанияның түйіндемесін (еркін формада) және компанияда қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілік және тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу қажет.

Мүдделі консультанттар (тіл мектептері) қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жұмыс сағаттарында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) ала алады.

Байланыс деректері: ҚР БҒМ «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК

Мекенжай: 101400, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30.

Жауапты тұлға: Ержанов Алмас Сатыбалдыевич.

Телефон: +7 (747) 131 2183.

Электрондық пошта: info@kgiu.kz, dni@kgiu.kz.

1 қосымша Қызығушылық білдіруге шақыру

2 қосымша Техникалық тапсырма


Просмотров: 689
11.03.2020, 10:40:51, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар