“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«МЕТАЛДАРДЫ ҚЫСЫММЕН ӨҢДЕУ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ, PhD, ИРИНА ЕВГЕНЬЕВНА ВОЛОКИТИНА – 2019 ЖЫЛДЫҢ «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІЛПАЗЫ АТАНДЫ

[Дата публикации: 04.03.2020, 12:35:11, жариялауды: Әкімшілік]

  2020 жылдың 28 ақпанында Нұр – Сұлтан қ. Оқушылар сарайында 2019 жылғы «ЖОО Үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылы еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 200 адам мемлекеттік грант иегері атанды. 2019 жылғы байқауға республиканың 81 жоғары оқу орындарынан 471 талапкер қатысты. Іріктеу нәтижесінде «ЖОО Үздік оқытушысы» атағының иегерлерінің қатарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің доценті, «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының PhD докторы Ирина Евгеньевна Волокитина да бар.

Бұл грант Ирина Евгеньевнаға, сонымен қатар «ЖОО Үздік оқытушысы» атағының иегерлеріне, олардың біліктілігін арттыру және зерттеу жүргізу үшін әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Биылғы жылы оқытушылардың қызметі жаңартылған сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша бағаланды. Байқаудың жаңалығы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ADAL BILIM» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінде іріктеліп, тексерілді.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің әкімшілігі мен ұжымы доцент, PhD докторы, Ирина Евгеньевна Волокитинаны шын жүректен «2019 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы»  республикалық сайыстағы жеңісімен құттықтайды және әрі қарай еңбегіне табыс тілейді!

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 919
04.03.2020, 12:35:11, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар