ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҚМИУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
[Дата публикации: 05.03.2020, 11:03:10, жариялауды: Әкімшілік]
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 2020 жылдың 5 наурызда университеттің кіші мәжіліс залында Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мирас Жанатбекұлы Құттыбай өзінің өмірін оқытушылық мамандығымен байланыстырған ҚМИУ әдемі қызметкерлерін келе жатқан көктем 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Біздің университеттің оқытушылары қазақстандық білімнің дамуына лайықты өз үлестерін қосуда.
Мирас Жанатбекұлы атап өткендей, әйел-ұстаздардың үлесінсіз қоғамымыздың кез-келген маңызды әлеуметтік салаларындағы жетістіктерін елестету мүмкін емес: «Сіздердің білімдеріңіз, мінсіз іскерлік қызметтеріңіз бен шығармашылық көзқарасыңыз әрқашан сұранысқа ие. Қымбатты әйелдер, қаламыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін, рухани жомарттығыңыз бен жасампаздығыңыз үшін рахмет. Дендеріңіз сау, бақытты және сүйікті болыңыздар! Отбасыларыңызда татулықпен молшылық болсын! Мен сіздерге көктемнің көтеріңкі көңіл-күйін, сәттілік пен үлкен бақыт тілеймін».
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 732