“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ЕКІНШІ ҰСТАЗ» ҒАЛЫМ, ФИЛОСОФ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА

[Дата публикации: 26.02.2020, 17:20:16, жариялауды: Әкімшілік]

  2020 жылы Қазақстан Республикасы ғалым, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтеді. Мерекені жоғары ұйымдастырушылық және мазмұнды деңгейде өткізу үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы 2020 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен халықаралық деңгейде аталып өтіледі.

Қазақстанның көрнекті тұлғалары – халықтың мақтанышы. Бұл жеке тұлғалар іс-әрекеттері ұлттық тарих шежірелерінде жазылған. Олардың есімдері – Қазақстанның мақтанышы. Олардың күш-жігерінің арқасында мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің қалыптасты. Әрбір қазақстандық осы есімдер мен олардың жетістіктердін білу керек.

Әлемге әйгілі философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері бірқатар іс-шаралар өткізді.
20.01.2020 мен 22.02.2020 жыл аралығында біздің университеттің оқу залында орта ғасырдың ұлы ғалымы және философы Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Ұлы қазақ ойшылының бай әдеби және ғылыми мұрасын сақтау және насихаттау, жастар арасында патриотизм сезімін қалыптастыру, өз халқының тарихына араласу мақсатында ҚМИУ 2020 жылдың 10 ақпанында «Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында спикерлер қатысушыларды әл-Фарабидің көпқырлы қызметі мен ғылыми мұрасының өмірімен таныстырды. Іс-шара барысында студенттер қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді, оқытушының тапсырмаларын шығармашылықпен орындауға тырысты, сөйтіп, гуманитарлық саладағы білімдерін толықтырды. Кездесу соңында қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

13 ақпанда 2020 жылы университет «Әл-Фараби – адамзат тарихындағы ұлы философ» тақырыбында пікірталас іс-шарасын өткізді.

26 ақпан, 2020 ж. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті ғылыми кітапханамен бірлесіп Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерекесіне арналған «Әбу Насыр әл-Фараби және қазіргі заман» тақырыбында шағын оқу конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – ғаламдық өзгеріс дәуірінің жаңа дүниетанымындағы өткен мұраның рөлін, жаңа дәуір тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруда әл-Фараби мұрасының өзектілігі, әлемдік өркениет тұжырымдамасындағы әл-Фараби ілімдерінің рухани-адамгершілік әлеуетін анықтау.

Конференция екі бағытта өтеді:

1. Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы.

2. Әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке әсері: тарих және қазіргі заман.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту жоспарындағы іс-шараларды әрі қарай жалғастырады.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 878
26.02.2020, 17:20:16, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар