ҚМИУ ДӘСТҮРЛІ СТУДЕНТТЕР СПАРТКИАДА БАСТАЛДЫ
[Дата публикации: 10.02.2020, 16:36:41, жариялауды: Әкімшілік]
Денсаулық – адамның бойындағы ең маңызды нәрсе. Адамның жұмыс қабілеті, физикалық және психикалық ахуалы денсаулығына байланысты. Спортпен айналасу жақсы көңіл-күйді сақтауға көмектеседі.
2020 жылдың ақпан айының басынан бастап Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде дәстүрлі студенттер спартакиадасы басталды, оның мақсаты мен міндеттері: студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерді спортпен шұғылдануға тарту, сонымен қатар университет құрамын толықтыру үшін мықты спортшыларды анықтау.
Студенттік командалар 8 спорт түрінен үздік деген атаққа таласады: мини-футбол, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахматшылар және асықтар сайысы. Ойындарға біздің университеттің күндізгі оқу бөлімінде оқитын білімгерлер факультеттердің командалары қатысады.
Спартакиаданы футболшылар ашты, баскетбол командасы одан әрі жалғастырды.
Студенттік спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаз команда диплом және кубокпен марапатталады. Жеке спорт түрлері бойынша жеке біріншіліктердің жеңімпаздары да дипломдармен марапатталады.
Спартакиада аясында футбол, баскетбол және басқа спорт түрлерінен облыстық жарыстар да өткізіледі.
Спартакиаданың бас төрешісі – «ҚТ,ӘГП,ДТ» кафедрасының аға оқытушысы, Алла Борисовна Трус.
Жарыстар университеттің спорт ғимаратында өтеді.
Біз барлық спортты жақсы көретін қауымды өз спортшыларын қолдауға және әдемі ойынды тамашалауға шақырамыз.
Барлық студенттер мен магистранттар спартакиадаға белсенді қатыса алады!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 602