“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 11.02.2020, 17:09:13, жариялауды: Әкімшілік]

  Бүгін, 2020 жылдың 11 ақпанында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде университет ғалымдарының экологиялық зерттеу жобаларының тұсаукесері өткізілді.

Теміртау қаласының ауасы, топырағы және судың ластануы сияқты экологиялық мәселелерге байланысты ерекше алаңдаушылық тудырып отырғаны белгілі.

Бұл шараның мақсаты – Теміртау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды ұсыну.

Университет ғалымдары қаланың экологиялық мәселелерін шешу үшін бірден бірнеше бағытта инновациялық жобаларды жүзеге асыруда:

– «Технологиялық қалдықтарды қолдану» жобасы, жетекшісі – Құрылыс өндірісінің ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚМИУ «Құрылыс және жылуэнергетика» кафедрасының профессоры Анатолий Васильевич Филатов;

– «Өнеркәсіптік қалдықтар негізінде минералды ұнтақтарды өндіруге арналған ұнтақтағыш құралдарды таңдауды талдау және негіздеу» жобасы, жетекшісі – «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі Каирош Әбілұлы Ноғаев;

– «Өнеркәсіптік қалада репродуктивті денсаулық сақтау жүйесіндегі қатерлі ісік ауруының экологиялық қауіп-қатерін бағалау» (Теміртау қаласы үлгісінде), жетекшісі – «Химиялық технологиялар және экология» кафедрасының профессоры Ізтілеу Аманжолұлы Аманжол.

Шара соңында ғалымдар бұл жобалар Теміртау қаласының тұрғындары үшін өте маңызды деген пікір білдірді.

Дөңгелек үстелге Теміртау қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлнар Егінбайқызы Оспанова, Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығының м.а. Гакку Кұлмағамбетқызы Искакова және кәсіпкер, Теміртау қаласының экологиялық қозғалысының белсендісі Серік Қасымұлы Бектұрғанов қатысты.

Университеттің үлкен ғылыми әлеуеті, заманауи материалдық-техникалық базасы – болашақта экологиялық жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асыруға ықпал етеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 734
11.02.2020, 17:09:13, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар