“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҚМИУ РЕКТОРЫНЫҢ ШАҒЫН ФУТБОЛ КУБОГЫ ҮШІН ӨТКІЗІЛГЕН ТУРНИР НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕҢІЛПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

[Дата публикации: 20.02.2020, 14:46:03, жариялауды: Әкімшілік]

  Студенттер арасында салауатты өмір салтын және осы спорт түрін кеңінен насихаттау, сонымен қатар Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде университет командасын қалыптастыру және ең мықты футболшыларды анықтау мақсатында 2008 жылдан бастап жыл сайын университетіміздің Ректоры Кубогына арналған шағын-футболдан турнир өткізіліп келеді.

Биыл жарыс 2020 жылдың 12-19 ақпан аралығында өтті және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналды. Турнир дөңгелек жүйеде екі кіші топта өткізілді. Топтан екі команда алға шығып, жүлделер үшін күресті жалғастырды. Жарысқа 8 студенттік команда қатысты.

Футзал турнирінің қорытындысы бойынша ең жақсы шабуылшы кҚ-18 тобының студенті Богдан Новоиков атанды.

Бір апта ішінде ойындар қатаң бәсекеде, бірақ достық жағдайда өтті. Турнир қатысушылары жоғары шеберлік деңгейлерін, футболшыларға арналған әр түрлі дайындықтың тамаша көрсеткіштерін көрсетті және ең бастысы денешынықтыру және спорт пен салауатты өмір салты саласындағы мемлекеттік саясатқа өз көзқарастарын білдірді.

Ойын барысында орындар келесідей бөлінді:

Қызықты ойындар барысында бірінші орынды «Nomad» командасы иеленді (Нұрислам Cарсенов, Богдан Новиков, Жангелды Абешов, Александр Ильин, Вадим Мелешко, Алмат Байдулаев, Асылханов Ұланбек).

Екінші орын – «Прогресс» командасы (екінші курс студенттері).

Үшінші орын – «Эверест» командасы (үшінші курс студенттері).

Жалпы, ҚМИУ 90 астам студенті жарыстарға белсенді қатысты. Төрешілер жоғарғы курс студенттері болды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік кубоктар, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Nomad» командасын осы тамаша жеңісімен құттықтаймыз! Турнирдің барлық қатысушыларына одан әрі жеңістер мен үлкен спорттық жетістіктерді тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 829
20.02.2020, 14:46:03, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар