ТЭК СТУДЕНТТЕРІ ДӘСТҮРЛІ ШАҢҒЫ ЖАРЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
[Дата публикации: 10.02.2020, 16:45:03, жариялауды: Әкімшілік]
Қашықтық оңай емес: қыздар үшін – 3 шақырым, ұлдар үшін – 5. Шаңғы бағыты ленталармен қоршалған, ал бұрылыста бақылаушылар кезекшілікте болды. Бұл сақтық шаралары қажет, өйткені жарысқа қатысушылар – Теміртау колледждері мен университет студенттері.
Шараны Жастар ресурстық орталығы және Теміртау қаласының Денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Алғашқы үш орын иелері үшін олар мақтау қағаздары, медальдар мен бағалы сыйлықтар дайындады.
Жарыс нәтижелері бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Техника-экономикалық колледжінің қыздар командасы шаңғы жарысында үшінші орынды жеңіп алды, Олар Жастар ресурстық орталығының дипломымен және Теміртау қаласының денешынықтыру және спорт бөлімінің грамотасымен марапатталды. Қазақстан жастары күніне арналған шаңғы жарысын ұйымдастыруға және дайындауға белсенді қатысқаны үшін Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен «Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Евгения Варфаламеевна Пальцева марапатталды.
Жарыстың қатысушылары атап өткендей: «Мұндай шараларды өткізу біздің студенттерге қажет. «Бұл жастарды спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға, әрине, командалық рухты дамытуға мүмкіндік береді».
Техника- экономикалық колледж командасын жеңістерімен құттықтаймыз!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 870