ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ VIII ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЖАЛПЫ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫН ӨТКІЗДІ
[Дата публикации: 24.02.2020, 17:32:12, жариялауды: Әкімшілік]
2020 жылдың 22 ақпан күні Қазақстанда Әбу насып ал-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VIII қысқы Универсиада ойындары басталды. Универсиада 2020 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығында өтеді. Дәстүр бойынша ҚМИУ студенттері Универсиададаны қолдау мақсатында жалпы шаңғы жарысын өткізді, бұл жарысқа 80 астам студенттер қатысты.
Жарыс ұраны – «Бастысы жеңіс емес, бастысы – қатысу! Жақсы көңіл күй – жетістікпен, денсаулық кепілі!».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «… Жаппай дене шынықтыруды дамыту жаңа чемпиондардың шыңына жететін пирамидаға айналуы керек. Бұл дені сау және белсенді жастарға, сайып келгенде, күшті ұлтқа негіз болады … »
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті жыл сайын үлкен спорттық іс-шараларды өткізеді: бірінші курс студенттеріне арналған Спорт күні, Ректор кубогына арналған ҚМИУ спартакиадасы, университет студенттерінің қалалық және облыстық спартакиадаларға қатысуы, экокросс және т.б. .. Бұл жарыстарға баскетбол, волейбол, футбол, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және шаңғы спорты сияқты спорт түрлері кіреді.
Біздің университет студенттері спортпен шұғылдануды және салауатты өмір салтын ұнатады. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау, дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және студенттердің денсаулығын нығайту аясында университетімізде 9 спорт секциясы бар: футбол, волейбол, баскетбол, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, асық, үстел теннисі, фитнес.
Университетте өткізілген Универсиадаға жиырмадан астам студенттер қатысады. Әрине, олардың әрқайысы жеңіске жетуге дайын.
Универсиада – Спорт – ҚМИУ – Теміртау!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 676