ҚМИУ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРІ ЖАС КӨШБАСШЫ МЕКТЕБІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
[Дата публикации: 21.02.2020, 13:24:00, жариялауды: Әкімшілік]
2020 жылы 20 ақпан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің белсенді студенттері Бағдат Камаладинов, Гулсая Алдамуратова, Навруз Хаитова, Айтолқын Жанәбіл, Перизат Жеңісбекова, Амина Ибраева, Адина Ибраева, Арлан Мусахан, Жайыгүл Сарсенова және Майра Серік, «Жас көшбасшы» мектебінің салтанатты ашылуына қатысты. Бұл жобаны Теміртау қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.
«Жас көшбасшы» мектебі – бұл жастардың көшбасшылық қасиеттерін ашатын жаңа алаң, сонымен қатар өзекті мәселелерді талқылауға арналған бір алаңда кездесу мүмкіндігі.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – жастар ортасында көшбасшылық әлеуетті дамыту, жас интеллектуалды дамыған адамдардың этномәдени ерекшелігін сақтау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының көп ұлтты қоғамындағы толеранттылықтың маңызды шарттарының бірі ретінде олардың арасындағы мәдениаралық байланысты кеңейту.
Біздің студенттер бір жыл бойы көшбасшылық негіздерін үйреніп, әр түрлі әлеуметтік және жеке тұлғаға бағытталған іс-әрекеттегі көшбасшылық қасиеттерін дамытуды үйренеді. Мектептің оқу жоспарында дәрістер, дискуссиялар, оқу семинарлары, шеберлік сыныптары және оқытудың басқа да түрлері қарастырылған.
Бірінші күні қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, бір-бірін жақсырақ білу үшін, іс-шараны ұйымдастырушылар «Мафия» қызықты ойынын өткізді, онда еркін формада қатысқандардың бәрі өздері туралы айтып, болашақтағы даму жоспарлары мен «Жас көшбасшы» мектебіне арналған сабақ кестесін талқылады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 759