ҚМИУ студенттеріне арналған діни экстремизм мен терроризм туралы кездесу өткізілді
[Дата публикации: 06.02.2020, 17:49:17, жариялауды: Әкімшілік]
Кездесуге Жарқын Амантайұлы Түсіпбеков, мәдениеттанушы, Елдос Қуандыұлы Жұмаділда, «Нұрлы Білім» ҚҰ теологы, Теміртау мешітінің имамы, Мария Дмитриевна Фатеева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, Бітімгерлер одағының мүшесі, Қарағанды облысының Солдаттар аналары Кеңесінің мүшесі, Гүлнар Бакенқызы Далабаева – «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ қызметкері, облыстық СӨЖ мүшесі, Нұржан Ерболатұлы Бектұров – «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ теолог маманы қатысты.
Кездесуде баяндамашылар Қазақстандағы қазіргі діни ахуал, дәстүрлі діндер, радикалды діни және террористік қауымдастықтардың пайда болуы, дәстүрлі емес діни сенімдердің қызметі, жаңа діни ағымдардың ерекшелігі, ізбасарларды жалдау тәсілдері және осы ағымдардың қоғам мен жеке тұлға үшін қауіптілігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, олар әлеуметтік желілерде экстремистік және террористік актілерге шақыратын аудио, видео, мәтіндік материалдарды тарату үшін адамның жауапкершілігін және осы құқық бұзушылықтар үшін жазаларды, оның ішінде оларға салынатын айыппұлдар туралы түсіндірді.
Іс-шара барысында «Таза исламның» кері жағы» бейнебаяны көрсетіліп, студенттер біздің пікірталасқа белсенді қатысып, ескертулер мен күмән тудыратын хабарландырулар мен жарнамалық посттардың мысалдарын талдап, қызықты сұрақтар қойып, оларға толық, жан-жақты жауап алды. .
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 765