ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ҚЫСҚАША ТАНЫМДЫ АҚПАРАТ
[Дата публикации: 05.02.2020, 16:48:56, жариялауды: Әкімшілік]
2019жылдың жаңа вирусы (2019- nCoV) – бұл Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет табылған тыныс алу жүйесінің ауруын тудыратын вирус. Ухань (Қытай) ауруының алғашқы кезеңінде ауру Қытай халықының көптеген бөлігіне таралды, осы вирустың таралуы ірі теңіз өнімдері мен теңіз жануарларымен қандай да бір байланыста болғандығы туралы хабарланды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда вирустың пайда болуы мен таралуын болдырмауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.
АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?
– жөтел
– температураның жоғарлауы / ыстықтың көтерілуі
– ентігу
– пневмония
– құсу
– диарея
Ауру күшейген жағдайында науқастың өлімге әкелетін өте ауыр асқынулар пайда болуы мүмкін:
– Өкпе жеткіліксіздігі
– Бүйрек жеткіліксіздігі
2019NCOV АДАМДАН АДАМҒА ҚАЛАЙ ЖҰҒАДЫ?
2019- nCoV бұрынғы коронавирустар мен тұмау сияқты адамнан адамға жұғады деп болжанады:
– науқас адаммен тікелей байланыс арқылы
– түшкіру және жөтел кезінде
– науқастың жеке заттарымен және ыдыс-аяғын пайдалану арқылы
2019 – NCOV ҮШІН ЕМ БАР МА?
Бүгінгі күні нақты емдеу жоқ. Расталған жағдайлар тіркелген елдерде симптоматикалық ем тағайындалады.
2019 NCOV ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНА БАР МА?
ВАКЦИНА ЖОҚ! (осы күнге дейін вакцина әзірленбеген.)
Просмотров: 608