“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ЖАС ӨРКЕН» тағылымдамалық бағдарламасы бойынша 2018, 2019 және 2020 жылдардағы жоғары оқу орнының түлектеріне арналған конкурс

[Дата публикации: 28.02.2020, 17:19:08, жариялауды: Әкімшілік]

  «Жас Өркен» тағылымдамалық бағдарламасыы бойынша 2018, 2019 және 2020 жылғы ЖОО түлектеріне арналған конкурс тағы да басталады.

Қазақстанда екінші рет «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп ЖОО түлектері арасында «Жас Өркен» машықтану бағдарламасына қатысу үшін конкурс жариялайды.

«Жас Өркен» бағдарламасы – «Самұрық-Қазына» қорының талантты жоғары оқу орындарының түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамадан өту, оқыту және дамыту жөніндегі бастамасы. Іріктеу кезінде Конкурстың негізгі қағидаттары – барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктер, ашықтық пен жариялық, меритократия.

2019 жылы іріктелген 30 жас маман қазір ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтіп жатыр. Олардың жетістіктері туралы «Жас өркен» бағдарламасының https://zhasorken.skcu.kz/interns/2019 ресми парақшасынан және facebook: https://www.facebook.com/ZhasOrkenProgram білуге болады.

Тағылымдамадан өту бағдарламасына кім қатыса алатындығы, қатысушыларды тіркеу, «Жас өркен» бағдарламасы және конкурс шарттары туралы ақпарат – www.skcu.kz/zhasorken сайтынан білуге болады.
Барлық сұрақтар бойынша қоңырау шалыңыз. 8-7172-79-95-99 немесе support@hrqyzmet.kz; zhasorken@skcu.kz. электрондық мекен-жайына хабарласыңыз.
Құжатты жүктеу


Просмотров: 963
28.02.2020, 17:19:08, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар