“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚАДИША БАЗАРҚЫЗЫ ОСПАНОВА КЕЛДІ

[Дата публикации: 14.02.2020, 19:02:18, жариялауды: Әкімшілік]

  14 ақпанда «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Базарбайқызы Оспанова Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Адалдық» мектебінде болды.

«Адалдық» мектебі 2019 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамұлы Шпекбаевтың, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмудұлы Қасымбектің, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әбіханұлы Әшімовтің қатысуымен ашылды.

Мектептің ашылуының алдында университет негізінде жұмыс жасайтын «Нұр Отан» ХДП белсенді жұмысы, сонымен қатар ҚМИУ ректоры Бақыт Ахатұлы Жәутіковтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының Теміртау филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес үлкен жұмыс атқарды.

Мектептің негізгі мақсаты – студенттік жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін оқыту, сонымен қатар біздің университеттің академиялық және ғылыми қызметін жетілдіру.

«Адалдық» мектебіне келу сапарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен өзара ынтымақтастығы талқыланды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және ҚМИУ бірлескен алдын алу шараларының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жоспарланды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 938
14.02.2020, 19:02:18, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар