“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 11.02.2020, 16:21:02, жариялауды: Әкімшілік]

  Жұмыс берушілердің біздің университетіміздің түлектерімен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау мақсатында 11 ақпан күні ҚМИУ жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше кездесулер өткізілді.
ҚМИУ «Мансап» орталығының жетекшісі Лариса Виталиқызы Чепелян төртінші курс студенттерінің «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Теміртау филиалының өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды: директор Дәурен Маратұлы Шешембеков және бөлшек сауда жөніндегі директордың орынбасары Гүлмира Нағашбекқызы Алимбаева.

«Қазақстан Халық Банкі» – бұл Қазақстанның 24 аймағында 90 жылдан астам уақыт бойы өз тұтынушыларының мүддесі үшін жемісті жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының ірі әмбебапты коммерциялық банкілерінің бірі.

Өз сөзінде филиал директоры өзінің кәсіби өсу тәжірибесімен бөлісіп, Халық банкінің негізгі бағыттары, оның даму стратегиясы, сондай-ақ қаржы саласындағы мансаптық болашақ туралы айтты.
Бүгінгі күні банкте бірнеше бос орындар бар: зал бойынша кеңесші, бөлім меңгерушісі, кассир, ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші және бас инженер және басқалар.

Г.Н. Алимбаева банктің қызметі ауқымды екенін атап өтті. Халық банкі халықты несиелеу және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсету саласында ғана емес (тұтынушылық несиелер, депозиттер, аударымдар, ипотекалық несиелер, зейнетақы қорлары қызметтері), сонымен қатар сақтандыру, лизинг, инкассо, IT-технологиялар сияқты салаларда қызмет көрсетеді.

Жұмысқа орналасуға ниет білдірген үміткерлер үшін Банктің персоналды басқару қызметі сұхбаттасу арқылы үміткерлерді мүмкіндігінше іріктейді, бұл үтіктердің қаншалықты жұмыс істегісі келетіндігін бірден анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күннің басты талабы – жұмыс істеуге деген талпыныс, өзіңіздің шығармашылық қасиеттерін, өзінің басқалардан артықшылқтарын, өзгешелерін көрсету. Ал содан кейін үміткерге мансап сатысында жетістіктерге жеткуге кепілдік беріледі.

Даурен Маратұлы Шешембеков аталған лауазымға үміткерлерге қойылатын талаптар, тағылымдамадан өту және тағылымдамадан өту тәртібі, банк қызметкерлерінің еңбек жағдайлары туралы айтты. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты толық жауап алды.

Сонымен қатар, бүгін ҚМИУ түлектері үшін SGS компаниясының әкімшілік үйлестірушісі Жандос Төлегенұлы Смаиловмен кездесу ұйымдастырылды.

SGS – тау-кен саласындағы сараптама, тестілеу және сертификаттау қызметтерін ұсынатын көшбасшы кәсіпорын. Бүгінгі таңда SGS сапа мен іскерлік этиканың жаһандық эталоны ретінде танылған. Қызметкерлер саны бүкіл әлем бойынша 2000 астам, кеңселер мен зертханаларда 90 000 астам адам жұмыс жасайды.

Қазақстанда компания 20 жылдан астам тұрақтылықтықта жұмыс жасайды. Компанияның кеңселері Қазақстанның 10 астам қаласында орналасқан және көптеген тұтынушыларға мұнай-газ және химия, пайдалы қазбалар, тұтыну тауарлары, ауылшаруашылық өнімдері, жүйелер мен қызметтерді сертификаттау, экологиялық және өнеркәсіптік салалардағы қызметтерді ұсынады.

Бұл компанияның кеңселерінің бірі Теміртау қаласында орналасқан, ол Қазақстандағы ең ірі металлургия кәсіпорны «ArcelorMittal Temirtau» АҚ металл құю цехтарында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құю зауытында инспекциялық қызметтерде бос жұмыс орындары бар.

Ж.Т. Смайылов атап өткендей: «Біздің бәсекелестік артықшылықтарымыз – бұл нарықтағы жетістік, жаһандық желі, қызметкерлерді дамыту, ашықтық, сенім мәдениеті, кәсіпкерлік рух пен ынта. Біз 100% нәтижеге кепілдік беретін жобаларды ғана орындаймыз. Біздің кампания – бұл, ең алдымен, сіздерді жұмысқа шақыратын кәсіби мамандар тобы! »

Екі кездесу де достық жағдайда өтті. Іс-шара соңында барлығына қазіргі жұмыс берушілердің қызмет саласы туралы көбірек білуге арналған буклеттер таратырылды.

Осындай іс-шараларды өткізу біздің түлектеріміз үшін өте маңызды. Өйткені, бұл жұмыс берушілермен кездесу және сөйлесу, жұмыс мазмұны жағынан да, оның шарттары бойынша да жұмыс берушілердің барлық ықтимал ұсыныстары туралы, сонымен қатар олардың болашақ мамандықтарының ерекшеліктері туралы тікелей білу, болашақта жұмысқа орналасу мәселесін шешуге сенімді болуға қатысты тамаша мүмкіндіктерді қалыптастырады.

ҚМИУ «Мансап» орталығы жұмыс берушілерге ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және болашақ бірлескен жобаларға қатысуға шақырады.

Осы кәсіпорындарда, сондай-ақ қала мен облыстың басқа кәсіпорындарында жұмыспен қамтуға қатысты барлық сұрақтар бойынша ҚМИУ жаңа ғимараты, 207 бөлмеде орналасқан «Мансап» орталығында толық ақпаратты білуге болады. 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 978
11.02.2020, 16:21:02, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар