“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ТӨЛЕУТАЙ СМАКҰЛЫ БАЙҒАБАТОВТЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛДАРЫ

[Дата публикации: 10.02.2020, 16:38:27, жариялауды: Әкімшілік]

  2020 жылғы 7 ақпанда Теміртау қаласының Тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, дене тәрбиесі» кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, доценті, Құрметті профессоры Төлеутай Смақұлы Байғабатовтың өнегелі өмір жолдарына арналған кездесу өткізілді.

Бұл кездесудің мақсаты – жастарға үлгі ретінде аға ұрпақтың өмірін жоғары білікті және құзыретті мамандардың даму жолын және жоғары қабілетті мамандарды даярлауға барлық ғұмырын арнаған білікті ұстаздың, профессордың жеткен жеістіктерін көрсету.

Төкен Смақұлы Байғабатов, Қарағанды металлургия зауытының ардагері және көрнекті ғалым, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары ұстаз, ғылыми еңбектері тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде жарияланған, оның шәкірттері халықшаруашылығының әртүрлі саласында еңбек етеді, әріптестері, магистранттар мен студенттер арасында лайықты беделге ие.

Төкен Смақұлының тұлғасы сан қырлы еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі. Оның еңбек мансабы таусылмайтын қуаты мен зор еңбексүйгіштігі, таңдаған мамандығына деген жанқиярлық қызметінің куәсі. Ол ҚМИУ 50 жыл үздіксіз еңбек етті, әйгілі түлектердің бірнеше ұрпағына білім, тәрбие берді.

Әріптестері мен студенттер оны мейірімді, объективті ұстаз ретінде біледі және оның жоғары кәсіпті, талапшылық пен еңбексүйгіштік қасиеттерін атап өтеді.

Төкен Смақұлы оқу процесін жетілдіруге қажетті ғылыми-әдістемелік жұмыстармен тамаша үйлестіреді, өзінің білімімен және мол тәржирбесін мен дағдысын жас әріптестерімен бөліседі.

Кездесу барысында еңбек сіңірген еңбек ардагерінің өмірі мен шығармашылығы туралы тұсаукесер ұсынылды, сонымен қатар Төлеутай Байғабатовтың әріптестері мен студенттері өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының жетекшісі Р.Е. Мұстафин қонақтарға естелік сыйлықтарды тарту етті.

Айта кету керек, біздің университетімізде өмірлік тәжіирбесі мол, көргені мен білгені мол еңбек ардагерлері жас ұрпаққа білім тәрбие беру ісімен айналысады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 673
10.02.2020, 16:38:27, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар