ҚИУ ЭТИКА ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ
[Дата публикации: 24.01.2020, 15:30:14, жариялауды: Әкімшілік]
2020 жылы 22 қаңтар күні Қарағанды индустриялық университетінде «Адалдық» мектебінің деканы Ж.К. Капашева этика және академиялық адалдық кодексін түсіндіруге бойынша жинын өткізді. Кездесуге студенттер, профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен «Саналы ұрпак» студенттік клубының өкілдері қатысты.
Біздің Қарағанды индустриялық университетіндегі студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған «Этика және академиялық адалдық кодексі» Университеттің даму стратегиясына, ҚИУ Жарғысына сәйкес әзірленген, онда оқу процесінде академиялық адалдық қағидаттары, моральдық-этикалық нормалар мен университет қоғамдастығының құқықтары мен міндеттері белгіленген. Қоғамдастық, академиялық адалдықты бұзушылықтардың түрлерін және бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар тәртібін жүзеге асыру анықталған.
Бұл кездесудің мақсаты студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері арасында адалдық, ашық, шынайы және сенімді қарым-қатынас құру, сонымен қатар мәселелерге қатысты жауапкершілік туралы түсінікті қалыптастыру; қарым-қатынаста адалдықты дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру.
ҚИУ академиялық адалдық университеттің оқу-тәрбие процесіндегі маңызды құндылықтардың бірі болып табылады.
Іс-шара соңында Жания Құдайбергенқызы жиынға қатысушыларға ҚИУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің этикасы жөніндегі Кеңес құрылғанын еске салды.
Сонымен қатар, кез-келген жеке тұлға университеттің сайтында https://old.tttu.edu.kz//abuniv/korrupciey/ аталған құжаттармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» сілтемесінде еркін таныса алады.
ҚИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 976