ҚМИУ ӨТКІЗІЛГЕН 2020 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ ҰБТ НӘТИЖЕСІ
[Дата публикации: 21.01.2020, 11:50:33, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде алғашқы ақылы ҰБТ-2020 нәтижесі қорытындыланды.
ҰБТ тапсыруға қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 2019 жылдың 1 желтоқсаны мен 15 желтоқсан аралығында ҚМИУ орналасқан БҰБТП (бас ғимарат, 121 кабинет) базасында және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы оқу негізінде ҚМИУ күндізгі оқу бөлімінде оқитын білімгерлер үшін Қабылдау комиссиясының шепті-кеңсесінде (бас ғимараты, 117 кабинет) жүзеге асырылды.
Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің 30 оқу орнының ішінен 626 түлек ҰБТ қатысуға өтініш берді, бұл осы аймақтағы барлық түлектердің 62% (1011 адам) құрайды.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (ҚМИУ) негізінде ұлттық бірыңғай тестілеу бұйрыққа сәйкес 2020 жылғы 18 және 19 қаңтарда екі ағынмен өткізілді.
18 және 19 қаңтарда үміткерлерді жинау сағат 7.30 ұйымдастырылды. 18 және 19 қаңтар күндері түлектерді тест тапсыруға енгізу ұйымдасқан түрде 8.00-де басталып, 9.00-де аяқталды. Кіре берісте өтініш берушілерді тексеруді және оларды аудиторияға енгізуді мемлекеттік комиссия өкілдері жүргізді. Нұсқауларға сәйкес, тексеру ІІД қызметкерлері арқалы металіздегіш және 2 қолды металіздегіш көмегімен жүзеге асырылды.
ҚМИУ медпунктінде медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды, онда қажет болған жағдайда тестілеуге қатысушыларға білікті медициналық көмек көрсету қарастырылған.
Тестілеуді ҚР Білім және ғылым министрлігінің, мемлекеттік комиссияның, арнайы бақылау тобының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері бақылады.
Металіздегіштермен тексеру кезінде ұялы телефондар 2020 жылдың 18 қаңтарында – 2 өтініш берушіден, 19 қаңтарда – 2 өтініш берушіден табылды. Бұл үміткерлер тестілеуге жіберілмеді, тиісті актілер жасалды.
Бейнебақылауды қолдану арқылы тестілеу кезінде ұялы телефондарды пайдаланған 1 үміткер анықталды, осыған байланысты ол тестілеуден шығарылды және тест нәтижелері жойылды. Екінші ағымда мұндай фактілер анықталған жоқ.
Тестілеуден кейін жауап парақтарын сканерлеу жүргізілді. Сәйкестендіруді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және мемлекеттік комиссия мүшелері жүргізді.
Жалпы, ҰБТ өткізу технологиясы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелеріне сәйкес қатаң сақталды.
Оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдері ҰБТ онлайн режимінде ҰБТ сайтында да, университеттің интернет-ресурсында (https://old.tttu.edu.kz//) бақылай алды.
2020 жылы қаңтарда өткізілген ҰБТ нәтижелері:
1 ағым (01.18.2020) – 350 адам өтініш берді, 346 түлек ҰБТ келді (оның ішінде нәтижелері жойылған 1 түлек бар), бұл 98,8% құрады.
Оның ішінде 21 адам 2 пәннен (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы) өтіп, шығармашылық емтиханға қатысады.
4 талапкер ҰБТ тапсыруға келмеді.
5 пән бойынша ҰБТ тапсыратындардың нәтижелері:
– шекті деңгейден озып, жеке пәндер бойынша 5-тен жоғары балл жинады – 224 адам, бұл 68,9% құрайды.
– максималды балл – 97;
– ең төменгі балл – 18;
– орташа балл – 55,7.
Екі пәннен (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы) өткен және шығармашылық емтиханға қатысқысы келетіндер үшін ҰБТ нәтижелері:
– баллдардың шекті деңгейінен асып, жеке пәндер бойынша 5-тен жоғары балл жинады – 19 адам, бұл 90,5% құрады;
– ең төменгі балл – 17;
– максималды балл – 32;
– орташа балл 24,4.
2 ағын (01/19/2020) – 417 адам өтініші берді, олардың ішінде 124 басқа елді мекендерде ҰБТ тапсыруға өтініші бергендер, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ҚМИУ базасында ҰБТ тапсырды.ҰБТ 392 адам қатысты, олардың 357-і 5 пән бойынша, 35 – 2 пән бойынша тест тапсырды.
25 талапкер ҰБТ келмеді.
5 пән тапсыратындар үшін ҰБТ нәтижелері:
– баллдардың шекті деңгейінен асып, жеке пәндер бойынша 5-тен жоғары балл жинады – 181 адам, бұл 50,7% құрады.
– максималды балл – 112;
– ең төменгі балл – 22;
– орташа балл – 55,26.
Екі пәннен (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы) өткен және шығармашылық емтиханға қатысқысы келетіндер үшін ҰБТ нәтижелері:
– баллдардың шекті деңгейінен асып, жеке пәндер бойынша 5 жоғары балл жинады – 29 адам, бұл 82,9% құрады;
– ең төменгі балл – 10;
– максималды балл – 35;
– орташа балл – 23,9.
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 19 және 20 қаңтарында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүргізілді. Апелляциялық комиссияға өтініштер түскен жоқ.
ҰБТ наурыз-тамыз айларында тағы өтеді. Шілдедегі негізгі ҰБТ айырмашылығы, ақылы тесттер талапкерге мемлекеттік білім грантын алуға мүмкіндік бермейді.
Айта кету керек, шекті деңгейден өтпеген және жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге жеткілікті балл алмаған талапкерлер биылғы наурыз айында тестілеуді қайта тапсыра алады.
Мүмкін, ҰБТ тапсыру кезінде оқушы негізгі пәндердің дұрыс комбинациясын таңдамаған шығар, немесе бұл сәтсіздікпен аяқталған алғашқы әрекеті, бірақ бұл өз кезегінде оны негізгі пәндер бойынша дайындықты күшейтуге немесе негізгі пәндер жиынтығын өзгертуге ықпал етуі мүмкін. …
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 726