ҚИУ «АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ» АШЫЛДЫ
[Дата публикации: 24.01.2020, 15:40:17, жариялауды: Әкімшілік]
2020 жылдың 24 қаңтарында Қарағанды индустриялық университетінде «Адалдық дүкені» ашылды. Дүкен үнемі тәтті сусындар, кофе, шай, шоколад, тәтті тоқаштар және т.б. сатады.
Жеке кәсіпкер Светлана Алексеевна Глухих «Әділдік дүкені» жобасын жүзеге асыруға көмек көрсетті.
«Бүгіннен бастап адалдық дүкені өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесінде жұмыс істейді, яғни сатушы жоқ. Студент тауарларды алып, ақшаны «Касса» жәшігіне салады, ол барлығымызға таныс кассалық апппарат орнына қолданылады», – деп түсіндірді ол.
«Адалдық» мектебінің деканы Жания Құдайбергенқызы Капашева атап өткендей: «Бұл жобаны іске асыру студенттердің бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мен тәрбиелеуге, ішкі тұтастыққа, адалдыққа және өзін-өзі дамытуға бағытталған. Бұл факторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің дамуына тікелей әсер етеді».
ЕТжБҚ-18 тобының студенті Валерий Станкевичтің айтуынша, «Адалдық дүкенінің ашылуы жастарға адалдық пен өз-өзіне қызмет көрсетуді үйренуге мүмкіндік береді».
«Бейтаныс адамның, бұл жағдайда дүкен иесінің сенімін ақтау қазіргі жастардың мінез-құлқына айналу керек. Осындай адалдық дүкендерін құру арқылы біз барлығымызға шыншылдық пен адалдықты растауға мүмкіндік береді », – деді т.ғ.к., профессор Өтепберген Артықбайұлы Артықбаев.
Дүкеннің ашылу рәсіміне университет студенттері, профессорлы-оқытушылар құрамы және университеттің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының өкілдері қатысты.
ҚИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 909