“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ВЕБ-СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 30.01.2020, 13:50:14, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Introduction to QS Rankings»  веб-семинарын Сапа менеджмент жүйесі бөлімінің жетекшісі Ольга Климентьевна Пак ұйымдастырды.

Белгілі болғандай, ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингісі, ғылым, білім және бәсекеқабілеттілік саласында жоғары оқу орының негізгі көрсеткіштері және жетістіктеріне тікелей байланысты, ол әлемдік маңызды университеттердің ең ықпалды жаһандық рейтингтерінің бірі болып табылатын «Quacquarelli Symonds» (QS)  ағылшын консалтингті компанисының әдіснамасы бойынша анықталады.

2004 жылы «Quacquarelli Symonds» ағылшын «Times Higher Education (ТНЕ)» баспасымен бірге  «QS World University Rankings» әзірледі.

Бұл  рейтинг университеттерді келесі негізгі бағыттар бойынша бағалайды: зерттеу қызметі мен белсенділігі, жұмыс берушілердің пікірлері мен мансаптық әлеуеті, оқыту және интернационализация. бұл көрсеткіштер әлемдік маңызы бар университеттердің негізгі стратегиялық міндеттерін қамтиды, олар процеске қатысушылар: академиялық қоғамдастық, жұмыс берушілер, студенттер және олардың ата-аналары алдында жауап береді. Жыл сайын зерттеу бүкіл әлем бойынша 2,5 мыңнан астам жоғары оқу орындарын бағалайды. Оның нәтижелері бойынша әлемнің 500 үздік университеттерінің рейтингі, сонымен қатар жеке пәндер бойынша университеттердің рейтингтері жасалады.

Университеттің жетістігінің деңгейі білім беру ұйымдарының статистикалық талдауы, тексерілген мәліметтер (оның ішінде «Scopus» деректер қорынан алынған дәйексөз индексі туралы ақпарат, әлемдегі ең ірі ғылыми басылымдардың библиометриялық дерекқоры), сондай-ақ халықаралық академиялық қоғамдастық пен жұмыс берушілердің ғаламдық сараптамалық мәліметтері негізінде бағаланады. Төменде университеттер бағаланатын сандық және сапалық көрсеткіштер берілген.

Веб семинар барысында Шығыс еуропа және Орталық Азия бойынша «QS World University Rankings» өңірлік  директоры Зоя Зайцева іс-шараға қатысушыларға QS-рейтингсі бойынша жоғары оқу орындарын таңдау әдістемесі және ондағы қазақстандық университеттердің ұстанымдары туралы айтып берді.

Зоя Зайцева университеттің беделін қалай арттыруға, сонымен қатар QS- рейтингісінде өз орнын жоғалтпау үшін тыйым салатын нәрселерге назар аударды.

2019 жылдың соңында біздің университет QS- рейтингіне қатысуға өтініш берді.

Ольга Климентьевна атап өткендей: «Қарағанды мемлекеттік индустриялды университетінде ғылыми көрсеткіштерін жақсарту, интернационализация және халықаралық академиялық қауымдастық арасында тану бойынша көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Бірақ бұл процесс алға жылжуда ».

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 753
30.01.2020, 13:50:14, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар