“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ, «МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ МАШИНАЖАСАУ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, АНАТОЛИЙ КОРНЕЕВИЧ ТОРГОВЕЦТІ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

[Дата публикации: 08.01.2020, 15:25:28, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің әкімшілігі мен профессорлы-оқытушылар құрамы Анатолий Корнеевич Торговецті 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

 

2020 жылдың 6 қаңтарында жарты ғасырлық қызметі біздің университетпен тығыз байланыста болған құрметті профессор, металлург-маман, ғылыми кеңесші және көрнекті ұстаз Анатолий Корнеевич Торговец өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

Анатолий Корнеевич, ол өзінің барлық білімі мен тәжірибесін өзінің сүйікті ісіне арнады – студенттердің көптеген ұрпақтарына металлургия негіздерін үйретті. Оның жұмысқа деген жауапкершілігі мен саналы қарым-қатынасы жоғары тиімділікпен қатар, құзыретті оқытушы ретінде беделге сонымен қатар жұмыста жауапты, студенттер мен әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болуымен бүкіл ұжымның құрметіне ие болды.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және металтану» кафедрасының меңгерушісі болған жылдары ол өзінің айналасына жоғары ғылыми әлеуетке ие білікті мамандарды топтастыра білді, ал оқу ісінің проректоры ретінде ол белсенді өмір салтымен, сарқылмас энергия мен шығармашылық әлеуеттің үлгісі болды.

Құрметті Анатолий Корнеевич!

Шын  жүректен Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Осы күні айтылған барлық жақсы сөздер мен тілектер орындалсын!


Просмотров: 627
08.01.2020, 15:25:28, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар