2020-2021 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық аясында студенттер арасында шетелде оқуға құжаттарды қабылдау басталды. ҚР БҒМ Министрінің сайысына 1 және 2 курс студенттері қатыса алады.
[Дата публикации: 31.01.2020, 16:37:51, жариялауды: Әкімшілік]
ҚР БҒМ Министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына сәйкес шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (нотариалдық расталған түрлі-түсті көшірме);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген № 082/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Білім туралы құжаттар (нотариалды расталған түрлі-түсті көшірмелері): ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
- Ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын құжат:
- ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын халықаралық тұрғыда танылған сертификат(IELTS, TOEFL);
- шетелдік университеттің ағылшын тілі деңгейі бар студентті қабылдауын растайтын келісім хат;
- Қазақстандық университеттің тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен кем емес);
- Он сегіз жасқа толмаған өтініш берушінің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) шетелге шығуға жазбаша келісімі;
- Студенттің көп балалы отбасы екендігін растайтын құжат;
- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін);
- Мүгедектік туралы анықтама, болған жағдайда.
Ағылшын тілінен тестілеу 14 ақпан күні өтеді
Тестілеуге 13 ақпанға дейін N-210 ауд. жазыла аласыз.
Іріктеуден өткен тұлғалар жіберілетін ЖОО нақтыланатын болады
Құжаттар 17 ақпанға дейін Халықаралық ынтымақтастық департаменті қабылданады
Барлық сұрақтар бойынша Н-210 ауд. хабарласуға болады
Просмотров: 618