КГИУ ҚҰТҚАРУҒА АСЫҒАДЫ!
[Дата публикации: 29.01.2020, 10:45:47, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Алматы-Екатеринбург тас жолынан эвакуацияланған адамдарды жатақханаларға орналастыруға белсенді қатысты.
2020 жылдың 27-28 қаңтарына қараған түні, нөлдік көріну және желдің екпіні кезінде, автомобиль жолының 1047-1073 шақырымында, Теміртау қаласының маңында, Төтенше жағдайлар бөлімінің күштері мен Ұлттық «Орталық» гвардиясы және 52859 әскери бөлімі 187 адамды қар көшкінінде қалудан құтқарды, оның ішінде 40 бала болды. Барлығы 20 астам жүк көлігі, 40 автомобиль және 1 автобус болды.
Адамдар Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің жатақханасына орналастырылды, онда жылынып, ыстық шай ішіп, түнді өткізу және қатты боранның аяқталуын күтуге мүмкіндік жасалды. Ешкімге медициналық көмек қажет емес болды.
Айта кету керек, бұған дейін де біздің университет табиғи апат салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға бірінші рет көмек көрсеткен еді.
Бұған дейін университет еріктілері «Біз біргеміз» республикалық акцияға қатысып, аялдамалар, оқу ғимараттары мен жатақханалардың қарлы бөліктерін қардан тазартқан болатын. Сонымен қатар, волонтерлар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне Мейірімділік үйінің тұрғындарына көмек көрсету бойынша бірнеше іс-шараларды жүзеге асырды. ҚМИУ еріктілері сөзбен емес, істерімен бәріне үлгі көрсетіп келеді. ҚМИУ Еріктілер жылы жақсы істермен ашылды деп сеніммен айтуға болады!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 708