“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ АУМАҒЫН КЕҢЕЙТУДЕ

[Дата публикации: 22.01.2020, 15:00:22, жариялауды: Әкімшілік]

 

20 қаңтар 2020 жылы екі дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеудің ең қолайлы жағдайларына қол жеткізу үшін біздің университетте Дубайдағы АҚШ университетінің және Иордания университетінің өкілдерімен онлайн-конференция өткізілді, онда ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі туралы мәселелер талқыланды.

Қос дипломды білім – бұл бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша екі (немесе одан да көп) жоғары оқу орнында біруақытта білім алумен, тиісті оқу орындарының дипломдарын алуға мүмкін береді.

Қос дипломды білім беру – қазақстандық жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне практикалық интеграциясының маңызды бағыты. Университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және халықаралық білім кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында университеттің дамуының негізгі стратегиялық бағыты болып табылатын осы бағыттағы жұмыс Болон процесінің негізгі қағидаттары мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қос дипломды білім беру бағдарламасын сәтті аяқтаған жоғары оқу орындарының түлектері үшін Қазақстанда және шетелдік компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігі екі есеге артады.

ҚМИУ өкілдері сұрақтар қойып, мәнді, жан-жақты жауап алды. Қазіргі уақытта ҚМИУ оқытушылары қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және АҚШ өкілдерінің келуіне қатысты дайындық жұмыстарын бастады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 822
22.01.2020, 15:00:22, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар