“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР, ДЕНЕ ТӘРБЕСІ» кафедрасының профессоры, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ТӨКЕН СМАҚҰЛЫ БАЙҒАБАТОВ ақсақалды 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

[Дата публикации: 08.01.2020, 15:30:18, жариялауды: Әкімшілік]

 

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР, ДЕНЕ ТӘРБЕСІ» кафедрасының профессоры,

Білім беру ісінің Құрметті қызметкері,

ТӨКЕН СМАҚҰЛЫ БАЙҒАБАТОВ ақсақалды

80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің әкімшілігі мен профессорлы-оқытушылар құрамы Төкен Смақұлы Байғабатовты 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

 

2020 жылдың 7 қаңтарында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, құрметті профессор, Қарағанды металлургия зауытының ардагері және ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары, ғылыми жұмыстары мен оқытушылық қызметінде әріптестері, магистранттар мен студенттер арасында лайықты беделге ие университетіміздің қарт ұстазы, ақсақалы,  Төкен Смақұлы Байғабатов өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

Төкен Смақұлының бұрынғы студенттері оқытушыларын әрқашан жылулықпен және мақтанышпен еске алады, өйткені Сіздің елу жылдық еңбегіңіз біздің университетпен тығыз байланысты. Оның ұстаздық қолынан талантты студенттердің бірнеше буыны білім алды.

Төкен Смақұлының еңбек жолы таусылмайтын қуат пен зор еңбекқорлығының, таңдаған мамандыққа деген жанқиярлықпен қызмет етудің куәсі.

Әріптестер мен студенттер оны мейірімді, объективті ұстаз ретінде біледі және оның жоғары кәсіпті біліктілігін, ізденіштігі мен еңбекқорлығын атап өтеді.

Төкен Смақұлы оқу процесін жетілдіруге қажетті ғылыми-әдістемелік жұмыстармен тамаша үйлестіреді, өзінің білімі мен біліктілігін жас әріптестерімен бөліседі.

Құрметті Төкен Смақұлы!

Сізге шығармашылық табыс зор денсаулық, бақыт және сізге және жақындарыңызға молшылық тілейміз!


Просмотров: 695
08.01.2020, 15:30:18, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар