СТУДЕНТТЕР «KAZPROM ENGINEERING» ЖШС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
[Дата публикации: 04.12.2019, 15:45:02, жариялауды: Әкімшілік]
Техникалық түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараны жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жоғары курс студенттері «kazprom engineering» ЖШС директоры Алексей Латухинмен кездесуі өткізілді. Кездесуді «Мансап» орталығының жетекшісі Лариса Витальевна Чепелян ұйымдастырды.
Іс -шараның негізгі мақсаты студенттердің диплом алдындағы прктиканы өндірісте өту мүмкіндіктерін талқылау, сонымен қатар біздің университеттің талантты түлектерін жұмысқа орналастыру.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті мен «Кazprom engineering» ЖШС арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын және бұл кәсіпорын біздің университеттің техникалық мамандықтары бойынша студенттерінің практикалық базасы ретінде негізгі алаңдардың бірі болып табылатындығы атап өтілді.
Алексей Латухин іс-шараға қатысушыларға «Кazprom engineering» ЖШС туралы презентация жасады, жұмыстың басым бағыттары, еңбек жағдайлары, әлеуметтік тұрғыда қызметкерлерге төленетін жалақы деңгейі туралы әңгімелеп берді, кез-келген студенттерге жұмыс тәжірибесінен, тағылымдамадан немесе тәжірибеден өтуі үшін бос жұмыс орнында жұмыс істеу ұсынылады.
Кәсіпорынмен танысқаннан кейін компания өкілдері барлық қызығушылық білдірген студенттермен сұхбат жүргізді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 723