“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «АДАЛДЫҚ» МЕКТЕБІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 07.12.2019, 16:02:14, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылғы 6 желтоқсанда Қарағанды индустриялық университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқамұлы Шпекбаевтың, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмудұлы Қасымбектің, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әбіханұлы Әшімовтің, құрметті қонақтардың қатысуымен «Адалдық» мектебі ашылды.

«Адалдық» мектебін ашудағы мақсат: студент жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін оқыту, сондай-ақ университетіміздің академиялық және ғылыми қызметін жетілдіру.

«Адалдық» мектебіндегі оқу үдерісі ұжымдық және жеке оқыту үлгісінің үйлесіміне, шығармашылық атмосфераға, қатысушылар мен оқытушылар арасындағы үздіксіз өзара әрекеттестікке негізделген.

Университеттерде «Адалдық» мектептерін ашу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ең маңызды және ауқымды жобаларының бірі болып табылады.

«Біздің университет адалдық пен ашықтық қағидаттарын сақтау үшін Агенттіктің Қарағандыоблысы бойынша департаментімен белсенді жұмыс жасауға және біздің университеттің барлық қызметі осы қағидаларға негізделген. Бүгін біз Теміртау қаласының университеті мен басқа да ұйымдары үшін ресурстық орталыққа айналатын «Адалдық» мектебін ашып жатырмыз », – деді университет ректоры Бахыт Ахатұлы Жәутіков.

«Адалдық» мектебінің нәтижелері бойынша студенттер сыбайлас жемқорлық туралы теориялық білімді және мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін осы әлеуметтік зұлымдыққа қарсы тұрудың жаңа тетіктерін растайтын сертификаттар алады.

Мектептің ашылу салтанатына қатысқан университет студенттері Алик Жатқамбайұлына сұрақ қойды. Атап айтсақ, 1 курс студенті Асқаров Бекжан отбасында басталуы керек жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мәселесін көтерді.

Студенттер сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жасауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы халықаралық стандарттарды қолдану мәселесіне қызығушылық танытты.

Қарағанды индустриялық университетінің студенттері Қарағанды облысы және Теміртау қаласы әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастыруға бағытталған барлық іс-шараларына белсенді қатысады.

«Адалдық» мектебінде студент жастар, ең алдымен, нормативтік актілермен танысады. Сонымен қатар, тренинг барысында барлық қатысушылар тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен топтық жобаларды әзірлейді, әртүрлі жағдайдағы мәселелерді шешу арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыта алады.

Мектептің қызметі сонымен бірге мемлекетіміздің дамуына кедергі келтіретін жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді дамытуға бағытталғанына сенімдіміз.

 

ҚИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 962
07.12.2019, 16:02:14, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар