“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕДЕ БІРЫҢҒАЙ «ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТТАРЫ»ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 09.12.2019, 16:53:12, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылдың 09 желтоқсанында Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде  жастар арасында жемқорлыққа қарсы  парасаттылық сана қалыптастыру, сондай-ақ 1-3курс студенттері арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  университеттің «Саналы ұрпақ»студенттік клубының мүшелері және  «Құқық негіздері және парасаттылық» пәнінің оқытушы-профессорлары қатысуымен «Парасаттылық сағаттары» атты бірыңғай кураторлық сағаттар өткізілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақта жемқорлыққа қарсы парасаттылық көзқарастарын, адалдық  пен әдептілік мәдениетін қалыптастыру және  академиялық адалдық принциптерін, рухани және адамгершілік құндылықтардың сақталуына үйрету.

Бірыңғай кураторлық сағаттар аясында «Шыңдарға жол» атты облыстық сайыстың жеңімпазы 1 кур студенті Аскаров Бекжан «Сыбайлас жемқорлық қылмысы картасы»тақырыбындағы жобасының таныстырылымын көрсетті.


Просмотров: 835
09.12.2019, 16:53:12, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар