ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АЛТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨТКЕН ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЕЛДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ III САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ.
[Дата публикации: 03.12.2019, 12:08:39, жариялауды: Әкімшілік]
ҚМИУ студенттері Ширман Александр және Бобылев Артем Ресей Федерациясының Таулы Алтай қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы студенттетрінің көшбасшыларының ІІІ Саммитіне қатысты.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының ІІІ студенттер көшбасшыларының саммиті 2019 жылдың 27-30 қараша аралығында өтті. Саммитке 6 елдің 100 астам өкілі қатысты. Қазақстаннан барлығы 10 студент қатысты, олардың ішінде Қарағанды облысының екі өкілі – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері.
ШЫҰ студенттерінің көшбасшыларының Саммиті жыл сайын дәстүрлі түрде Алтай қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің студенттерінің көшбасшылары, бақылаушылар мен диалог бойынша серіктестердің басын қосатын халықаралық іс-шара болып табылады.
Саммитке қатысушылар портфолио байқау негізінде анықталды, оның аясында студенттердің тәжірибесі және саммиттің маңызды тақырыптары бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру ескерілген.
Қатысушылар, қонақтар мен сарапшылар үшін білімдік, мәдени, шығармашылық және туристік бағдарламалар жүзеге асырылды. Саммит бағдарламасының аясында бірқатар шебеолік сыныптары, дөңгелек үстелдер, және студенттік бірлестіктер қызметінің негізгі бағыттары бойынша дәрістер өткізілді.
Салтанатты жабылу рәсімі Алтай мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңес залында өтті. Үш күндік жұмыстың нәтижесі студенттік өзін-өзі басқару жүйесін, жастардың жобалық әрекеті мен оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныстардан тұратын қарар қабылданды. Дауыс беру қорытындылары бойынша қарар жобасы бірауыздан қабылданды және оны қатысушылар мен ұйымдастырушылар әрі қарайғы жұмыс және байланыс барысында жүзеге асырады.
Халықаралық деңгейде жастар ұйымдары арасындағы серіктестік пен достықты дамыту жолындағы маңызды қадам Бүкілресейлік студенттік одақтың төрағасы Олег Цапко мен БҰҰ Омбы халықаралық моделінің бас хатшысы Врежик Фаградянның ынтымақтастық жобаларына қол қою рәсімі болды.
Сертификаттар тапсырылғаннан кейін қатысушылар, ұйымдастырушылар мен сарапшылар бейресми жағдайда сөйлесуге және пікір алмасуға мүмкіндік алды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 959