“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ МАГИСТРАНТЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ МАГИСТРАНТЫ – 2019» АТАНДЫ

[Дата публикации: 10.12.2019, 09:33:28, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының 2-курс магистранты Абзалбек Айғалиұлы Нұрқазы Қазақстан Республикасының дарынды магистранттарының арасында «Қазақстанның үздік магистранты – 2019» атағын жеңіп алды.

Байқаудың  мақсаты: республикамыздың дарынды магистранттары арасында байланыс орнату, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар олардың инновациялық идеяларын кеңейту.

Байқауға  халықаралық, республикалық, аймақтық олимпиадалардың, ғылыми конференциялар мен жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыса алатындығын атап өткен жөн.

Нұрқазы Айғалиұлы «Қазақстандық магистранттар-2019» төсбелгісімен, І дәрежелі дипломмен марапатталды және Республиканың «Үздік магистранттары»  кітап жинағының арнайы шығарылымына енгізілді.

Байқауды  «Білім-өркениеті» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Ең үздік студенттер» академиясы ұйымдастырды, еліміздің білімді жас ғалымдары қолдады!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.


Просмотров: 874
10.12.2019, 09:33:28, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар